Украинадағы "Автомайдан" белсендісі, Киевтегі қарсылық шерулеріне қатысқаны үшін ұрланып, азаптау көрген Дмитрий Булатов 2 ақпан күні кешке емделуге Литваға кетіп қалды.
Булатов 22 қаңтарда жоғалып кетіп, сегіз күннен кейін табылған еді. Ол белгісіз біреулер өзін ұстап әкетіп, сегіз күн бойы азаптап, қорлағанын айтқан. Табылғаннан бері белсенді Киевтегі ауруханада милиция мен үкіметке қарсы шерушілердің күзетінде болған.
2 ақпанда украин билігі Булатовқа Литваға барып емделуге рұқсат еткен.