Пхеньян мен Сеул келіссөздер өткізді

Солтүстік Кореядан бөліп тұрған сымның қасында кішкентай немересімен бірге жерге басын тигізіп, мінәжат етіп жатқан адам. Кенги провинциясы, Оңтүстік Корея, 31 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея бүгін жоғары деңгейлі келіссөздердің екінші кезеңін аяқтады. Келіссөздер 1950-1953 жылдардағы Корей соғысында ажырап кеткен отбасыларды туыстарымен кездестіру жайын талқылап жатыр.

Оңтүстік Корея бірігу министрлігінің хабарлауынша, кеңесулер шекарадағы Пханмундж пунктінде өткен. Бірақ қандай да бір келісімдер жасалғаны айтылмады.

Қос корей мемлекеті соңғы жеті жылда бірінші рет жоғары деңгейлі келіссөздер жүргізіп отыр.

Сеул екі елдегі бір-бірінен ажыраған туыстас адамдар, бұған дейін жоспарланғандай, 20-25 ақпан аралығында Солтүстік Корея территориясындағы Кымгансан курортты аймағында кездескенін қалайды.

Ал Солтүстік Корея жағы сәуірдің соңы мен наурыздың басына белгіленген АҚШ-Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуы екі ел азаматтарының кездесуінен кейін өткізілсін деп отыр.