"Антигептил" белсенділері ұсталды

Your browser doesn’t support HTML5

"Антигептил" қозғалысының мүшелері Байқоңыр ғарыш айлағынан гептилмен ұшатын зымырандарға қарсылық білдіру үшін жүгіру акциясына шықты. Олар Астанадағы "Жастар" сарайынан "Қазақ елі" монументіне дейін жүгіріп өтпек болған. Алайда оларды екі автобуспен келген ОМОН жасағы ұстап, Астанадағы Алматы аудандық ішкі істер бөліміне апарды. Оларға жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткендері үшін айыппұл салынды. Азаттық тілшісін де ұстаған полиция оның телефонындағы бейнежазбалардың біразын өшіріп тастаған. Астана, 15 ақпан 2014 жыл. Видео авторы - Өркен Жоямерген.