Бүгін парламент мәжілісінің депутаттары пленарлық отырысында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалар мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымында мақұлдады.
Парламент мәжілісі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжатта негізінен әкімшілік заңнаманы реформалау, мемлекеттік органдардың әкімшілік жазаларды қолдану жөніндегі өкілеттіктері айқындалған.
"Соттар әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза түрлерінің бірі ретінде шетелдіктерді, не азаматтығы жоқ адамдарды әкімшілік жолмен шығарып жіберу; белгілі бір қызмет түріне, не белгілі бір әрекеттер жасауға арналған арнаулы құқықтан, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан айыру; қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым көзделген істерді қарайды" деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.
Депутаттар алдында сөйлеген әділет министрі Берік Имашевтің айтуынша, кодекс жобасында шағын бизнесті қолдау нормалары да қарастырылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұлдар мөлшері екі есеге дейін азайтылады. Бұдан бөлек, әкімшілік жауапқа тарту рәсімдері қайта қаралады.
Имашев заң жобасы бойынша бюджет кодексі, азаматтық кодекс, процессуалдық кодекс, кеден кодексі, халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі және қылмыстық-атқару кодексі мен тағы 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.