Қазақстан: Украинадағы топтар күш қолданбасын

Астанадағы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украинадағы барлық саяси күштерді қантөгісті тоқтатып, заң мен тәртіп орнатуға шақырды.

19 ақпан күні жарияланған сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: "Біз зорлықтың кез келген түрін қатаң сынаймыз және Украинаның барлық саяси күштерін ұстамдылыққа, қан төгісті тоқтатуға, мемлекеттің конституциясы мен заңдарына сәйкес тәртіп орнатуға шақырамыз. Сонымен қатар халықаралық қауымдастықты да осы елдегі жағдайды тұрақтандыруға барынша ықпал жасауға шақырамыз" деп жазылған.

18 ақпан күні түнде Украинада соңғы үш айда болып жатқан үкіметке қарсы наразылық шеруі шарықтау шегіне жетіп, 25 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланған еді. Демонстранттар Еуропа Одағымен тығыз саяси-экономикалық қарым-қатынас орнатуды талап етеді.