Азаттықтың Пәкістан редакциясы (Машаль радиосы) жергілікті барлау қызметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап, Талибанның Пәкістандағы бөлімі - "Техрик-е Талибан Пәкістанның" басшысы міндетін атқарушы Асматулла Шахин Беттанидің қаза тапқанын хабарлады.
Дереккөзінің айтуынша, Асматулла Шахин Солтүстік Вазиристан аймағының орталығы Мираншах қаласына жақын Дарга Мандай ауданында атыс кезінде қаза тапқан. Асматулла Шахинмен бірге оның көлік жүргізушісі мен екі оққағарының да қаза тапқаны айтылады.
Асматулла Шахин былтыр "Техрик-е Талибан Пәкістан" басшысы Хакимулла Мехсуд АҚШ пилотсыз ұшақтарының шабуылынан қаза болған соң тағайындалған еді. Машаль радиосы Асматулла Шахиннің қазіргі Талибанның үкіметпен жүргізгелі жатқан бейбіт келісімдерінде маңызды рөл атқарғанын айтады.
"Техрик-е Талибан Пәкістан" ұйымы әзірге басшыларының қазасына қатысты түсінік бермеген.