ТМД министрлері Украинаға қатысты кездеспек

Украинаның Беларусьтағы елшісі Михаил Ежель.

Киевте 7 наурызда ТМД елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтетін болды. "Интерфакс-Запад" агенттігінің хабарлауынша, кездесу туралы ақпаратты бүгін Минскіде Украинаның Беларусьтағы елшісі Михаил Ежель хабарлаған.

Бұған дейін Украина сыртқы істер министрлігі Киевте Қырымда туған ахуалға байланысты ТМД елдері сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысын өткізгісі келетінін білдірген еді.

1 наурызда Ресей Федерация кеңесі президент Владимир Путиннің Украинада "қоғамдық-саяси ахуал тұрақтанғанға дейін" Ресей әскерін пайдалану туралы ұсынысын мақұлдаған еді.

Бұған дейін Украинадағы жағдайды Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері телефон арқылы талқылаған болатын.