Нью-Йорктің федералдық сотында "Әл-Қаида" террорлық ұйымының бұрынғы басшысы Усама бен Ладеннің күйеу баласы Сүлейман Әбу Гейттің үстінен қозғалған іс бойынша сот басталды.
АҚШ үкіметі Сүлейман Әбу Гейтке бұған дейін "2001 жылы 11 қыркүйекте болған терактілерден кейін америкалықтарды өлтіруге астыртын сөз байласты" және кейін "террористік ұйымдарға ақша және басқадай көмек берген" деген айыптар таққан еді. Бірақ Әбу Гейт бұл айыптауларды мойындамайды.
АҚШ бас прокурорының орынбасары Николас Левин сот басталар кезде алқа билер сотына Әбу Гейт11 қыркүйектегі шабуылдардан кейін "Усама бен Ладеннің оң қолы болғанын" және Усама бен Ладен оған "Әл-Қаиданың" "қырғынға ұшырататын бұйрықтарын" әлемге таратуды сұрағанын айтты.
Әбу Гейттің адвокаты Манхэттен федералдық сотының судьясына АҚШ үкіметінде айыпты америкалықтарға қарсы сөз байласқанын білгеніне айғағы жоғын айтқан.
Бұл адам "әл-Қаиданың" баспасөз өкілі болған және осы ұйымның атынан әртүрлі мәлімдемелер жасаған делінеді. 2011 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа қарсы жасалған террорлық шабуылдардан соң Әбу Гейт АҚШ пен Израильге қарсы жаңа шабуылдар жоспарланып отырғаны туралы мәлімдеген.
Сүлейман Әбу Гейт өткен жылы көктемде ұсталып, Иордания арқылы АҚШ-қа жеткізілген еді. Кувейтте туған Әбу Гейт Усама бен Ладеннің үлкен қызына үйленген.