Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) 16 наурызда өтетін Украинаның Қырым автономиялық республикасының Ресей құрамына қосылуы мәселесін дауысқа салатын референдумды заңсыз деп танитынын мәлімдеді. Ұйым референдумға бақылаушыларын жібермейтінін ескертті.
ЕҚЫҰ-ның биылғы төрағасы Швейцария сыртқы істер министрі Дидье Буркхальтердің референдумға қатысты мәлімдемесі кеше ұйымның сайтында жарияланды.
Ресейдің "РИА Новости" агенттігі бұған дейін Қырым парламенті ЕҚЫҰ-ны референдумды бақылауға шақырғанын хабарлаған еді.