Украина олигархы Фирташ Австрияда қамалды

Дмитрий Фирташ.

Австрия билігі өкілдері "48 жастағы Дмитрий Фирташтың экстрадициялық түрмеге қамалғанын" хабарлады. Оның мұндай түрмеге қамалуы АҚШ-қа жеткізілетінін білдіреді.

Вена соты "жұма күні Дмитрий Фирташ бұл шешімге қарсы шағым жазды" деп хабарлады. Сот Фирташты уақытша босатудың кепіл құны белгіленгенін айтты. Ол - 174 миллион доллар. Олигарх бұл соманы төлесе, Австриядан кетпеу туралы қолхатпен уақытша босатылады.

Фирташ АҚШ-тың сұрауымен сәрсенбі күні ұсталды. Ол АҚШ-тың коррупциялық қылмыскерлер тізімінде болған. Фирташ - Украинаның ең бай адамдарының бірі. Ресеймен тығыз байланысы бар. Газ келісімдері, банк секторы, химия өндірісі арқылы байыған. Украинаның биліктен қуылған бұрынғы президенті Виктор Януковичтің жақтасы.