Молдова Ресейге Приднестровье аймағын Қырым сияқты аннексиялап алу әрекеттерін жасамауды ескертті.
Молдова президенті Николае Тимофти 18 наурызда "Мәскеу егер Приднестровье парламентінің спикері Михаил Бурланың аймақты Ресей құрамына қосу ұсынысын қолдаса, қателеседі" деді.
Ресейдің "Ведомости" басылымы 18 наурызда Михаил Бурла Молдовадан бөлініп кеткен Приднестровье аймағын Ресей құрамына қосудың "мүмкіндіктерін қарастыруды" сұрап, Ресей мемлекеттік думасы төрағасы Сергей Нарышкинге хат жазғанын хабарлаған еді.
Көршілес Румыния президенті Траян Бесеску 17 наурызда "Молдоваға үлкен қатер төніп тұрғанын" айтқан.
2006 жылы Приднестровьеде де Қырымдағыдай референдум өтіп, дауыс бергендердің 97 пайызы аймақтың Ресейге қосылуын қолдаған еді.
Приднестровье аймағы 1990 жылдардың басында Молдова Румыниямен бірігіп кетуі мүмкін деп қауіптеніп, тәуелсіздігін жариялаған. Тұрғындарының көпшілігін этникалық орыстар құрайтын бұл аймақтың тәуелсіздігін бір де бір мемлекет мойындаған жоқ.