Ресей қарулы күштері бас штабының қолбасшысы Валерий Герасимов қазір Қырымдағы 193 әскери нысанда Ресей туы тігілгенін хабарлады. 25 наурызда Ресей әскері Украинаның Қырымдағы судан мина сүзетін соңғы әскери кемесін басып алған еді.
Өзін-өзі жариялаған Қырым билігінің хабарлауынша, Қырымдағы украиналық 15 мыңнан астам әскери қызметкер "Ресей құқық қорғау орындарының қатарына қосылуға" ниет білдірген, 1500-ге тарта әскери қызметкер отбасыларымен Украинаға кетуге дайындалып жатыр.
Валерий Герасимовтың айтуынша, Қырымнан кеткісі келген әскерилерді ешкім бөгемейді.