Тбилисиде 27 наурызда Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің жақтастары мен қарсыластары қақтығысып қалды.
2004 жылдың қаңтар айында президент болып сайланған Саакашвили былтыр қарашада өкілеттігі аяқталған соң биліктен кеткен еді. Грузия бас прокуратурасы Саакашвилиді бірнеше қылмыстық іске қатысты куәгер ретінде 27 наурызда келіп жауап беруге шақырған.
Қазір АҚШ-та жүрген Саакашвили Грузияға жауап беру үшін бармайтынын мәлімдеген. 27 наурызда бас прокуратураның алдына жиналған оның жақтастары "Мен - Михаилмын. Мені де тергеңіз" деген жазуы бар плакаттар ұстап шыққан.
Олармен бір мезгілде бас прокуратура алдында Саакашвилидің қарсыластары да жиналып, наразылық акциясына кедергі жасауға тырысқан. Оның соңы екі жақ арасында шағын төбелеске ұласып, полиция оларға ара түсті.
Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили бұған дейін "егер Саакашвили жауап беруге келмесе, оған халықаралық іздеу жарияланатынын" айтқан еді. Бірақ кейін ол іздеу жариялау туралы асығыс мәлімдеме жасағанын мойындады.
27 наурызда Гарибашвили экс-президент Саакашвилидің жауап беруге келмеуіне қатысты "бас прокуратура бір шешім қабылдайтынын" хабарлады.