"Ресейде Украинаның ұлтшыл "Оңшыл сектор" ұйымымен байланысы бар барлық сайттар бұғауланды" деп хабарлады бүгін ресейлік "Роскомнадзор" мекемесінің басшысы Александр Жаров. Ұйымның Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілердегі парақшалары да жабылған.
Осыдан бір ай бұрын "Роскомнадзор" Ресей бас прокуратурасының талабы бойынша "Оңшыл сектор" ұйымының басшысы Дмитрий Яроштың "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасын блоктаған еді.
Ресейде Дмитрий Ярошқа "БАҚ-ты пайдаланып, террористік және экстремистік әрекеттерге ашық түрде шақырды" деген айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланған.
Бүгін Мәскеу соты Басман аудандық сотының Ярошты сырттай қамауға алу туралы 12 наурызда шығарған шешімін заңды деп тапты. Яроштың адвокаттары оның заңдылығына күмәнданып, шағым түсірген еді.
Украина бас прокуратурасы Ярошты Ресейге ұстап беруге негіз жоқ дейді.
1 сәуірде Украина орталық сайлау комиссиясы Дмитрий Ярошты президенттікке үміткер етіп тіркеген. Ярош президенттікке өзін-өзі ұсынып отыр.