Өзбекстан премьерінің өкілеті кеңейеді

Өзбекстан парламенті, Ташкент. (Көрнекі сурет)

Өзбекстан парламентінің жоғарғы палатасы - сенат бүгін конституцияға премьер-министрдің өкілетін кеңейтетін түзетулер енгізуді мақұлдады.

Сенат мақұлдаған түзетулер бойынша, президенттің кейбір өкілеттіктері премьер-министрге беріледі. Ал парламент үкіметтің жұмысын қадағалап отыру құқығына ие болады. Бірақ президенттің нақты қандай өкілеттіктері премьер-министрге берілетіні әзірге нақты емес.

Парламенттің төменгі палатасы - Олий Мажлис конституцияға бұл түзетілерді өткен айда мақұлдаған. Билік саласына қатысты заңға түзетулердің енгізілуіне президент Ислам Каримовтың өзі сыңай танытқан.

Конституцияға түзету оған Ислам Каримов қол қойғаннан соң күшіне енеді.