Ресей қосып алған Қырым парламенті бүгін өзін-өзі жариялаған республиканың конституциясын "бірауыздан" мақұлдады. Конституция 12 сәуір күні жергілікті ресми басылымдарда жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Бұл конституция бойынша, Қырым республикасы - Ресей құрамындағы "құқықтық және демократиялық мемлекет". Республика басшысы Қырымның жоғары лауазымды өкілі саналады және оны парламент - мемлекеттік кеңес депутаттары бес жыл мерзімге сайлайды. Бір адам бұл қызметке екі мәртеден артық сайлана алмайды.
Қырым мемлекеттік кеңесі Ресей президенті Владимир Путинге қазіргі премьер-министр Сергей Аксеновті аймақ басшысы лауазымына ұсынып үлгерді.
Жаңа конституцияға сай мемлекеттік кеңестің Қырым территориясында күші жүретін заңдар қабылдауға және Ресей мемлекеттік думасына заң жобасын ұсынуға құқығы бар.
16 наурызда Қырымда ресейшіл биліктің бастамасымен өткен аймақ мәртебесі туралы референдумда дауыс бергендердің 96 пайызы (ресми дерек) Ресейге қосылуды қолдаған. Осының негізінде Ресей Украина аймағын құрамына қосып алды.
Украина мен әлем елдерінің көпшілігі Қырымда өткен референдум нәтижесін мойындамады.