Сирия президенті Башар Асад 13 сәуірде Сириядағы үш жылға созылған азаматтық соғыс үкімет күштерінің пайдасына қарай ауып келеді деп мәлімдеді.
Сирияның мемлекеттік САНА агенттігінің хабарлауынша, Асад көтерілісшілермен соғыс "жаңа кезеңге өткенін" айтқан.
Сирия армиясы соңғы айларда оппозициялық көтерілісшіл топтармен қақтығыстарда біршама жетістікке жетіп, оларды Ливан шекарасы мен елдің орталығындағы Хомс провинциясынан ығыстырып шығарған.
Сириядағы қақтығыстар 2011 жылы наурызда ресми Дамаск үкіметке қарсы жаппай халық толқуларын күшпен басқан соң басталған еді. Қақтығыстардан үш жылдан бері 150 мыңнан астам адам қаза болған.
Сирия билігі соңы қақтығыстарға ұласқан толқуларды шетел қолдайды деген ұстанымда және көтерілісшілерді "террористер" деп атайды.