Арменияда жаңа үкімет жасақталмақ

Армения премьер-министрі қызметіне жаңадан тағайындалған Овик Абраамян.

Армения парламентінің спикері болған Овик Абраамян премьер-министр қызметіне тағайындалып, жаңа үкімет құрамын жасақтауға кірісті. Ол 3 сәуір күні отставкаға кеткен үкімет басшысы Серж Саргсянді алмастырды.

Серж Саргсяннің қызметінен кетуіне конституциялық соттың зейнетақы реформасын елдің негізгі заңына сай келмейді деп мәлімдеп, оған түзетулер енгізілуі себеп болған. Зейнетақы жүйесін реформалау Саргсян үкіметінің басты міндеттерінің бірі болатын.

Саргсян үкіметінің зейнетақы реформасына енгізген түзетулері қоғамда жаппай наразылық акцияларын тудырған. Өзгерістерге наразылар "реформа жұмысшыны жеткілікті зейнетақымен қамтамасыз етуге кепілдік бере алмайды" дейді.

Биліктегі Армения республикалық партиясының өкілі Овик Абраамян жаңа кабинетті 20 күннің ішінде жасақтауы тиіс.