Ош телеарнасы басшылығы қызметтен кетті

Көрнекі сурет.

Қырғызстанның "ОшТВ" телеарнасының директоры компанияны ресейлік бизнесмен сатып алған соң қызметінен кетті. Телерана елдің оңтүстігіндегі ең үлкен елдімекен - Ош қаласында орналасқан.

Телеарна директоры Эрнис Киазов Азаттықтың Қырғыз қызметіне өзі және редакция мүшелері 15 сәуірде мәскеулік бизнесмен Максим Кротовтың өткен айда телеарнаны сатып алғаны туралы ақпарат жарияланған соң қызметтен кетуге бел байлағанын айтты.

"ОшТВ" телеарнасы 2010 жылдың жазына дейін Ошта тұратын этникалық өзбек Халилжан Худайбердиевтің иелігінде болған еді. Қырғызстан билігі Худайбердиевтің үстінен "телеарна 2010 жылы маусымда қырғыздар мен этникалық өзбектер арасында болған қақтығыстар кезінде ұлтаралық араздықты қоздырды" деп тергеу жүргізе бастағанда ол елден қашып кеткен.

Бұдан соң телеарнаны Оштың жергілікті бизнесмендері иеленген. Ол бизнесмендердің Оштың бұрынғы мэрі Мэлс Мырзакматовпен байланысы бар деген болжамдар айтылған.