Суға батқан кемеде болғандарды іздеп жатыр

Оңтүстік Кореяның жағалауына тақау теңізде апатқа ұшыраған жолаушылар кемесі. 16 сәуір 2014 жыл.

Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында суға батқан жолаушылар кемесінде қалып қойған 290-ға тарта адамды іздестіру жұмыстары бүгін де жүріп жатыр.

16 сәуірде таңертең суға батқан кемеден қазірге дейін 179 адам құтқарылып, қаза тапқан 6 адамның денесі табылған.

Кеме суға батқанға дейін онда 459 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Кемеде Чеджу аралына саяхатқа бара жатқан Сеулдегі бір мектептің 300-ден аса оқушылары мен мұғалімдері болған.

Оңтүстік Корея билігінің хабарлауынша, кеменің не себепті суға батқаны әзірге белгісіз. Құтқарылған адамдардардың кейбірі кеме суға батар алдында жарылысқа ұқсайтын қатты дыбыс естігендерін айтқан.