Ауғанстан сайлау комиссиясы 500 сайлау учаскесіндегі бюллетеньдерді қайта санауға шешім қабылдаған.
Ауғанстан Тәуелсіз сайлау комиссиясының өкілі Нур Мухаммад Нур журналистерге "19 сәуірден бастап заңсыздықтар болды-ау деген кейбір сайлау учаскелерінің бюллетеньдері қайта саналып жатқанын" хабарлаған. Нур жағдайдың жай-жапсарын егжей-тегжейлі айтпаған.
Ауғанстанда 5 сәуір күні президент және аймақтар кеңестері сайлауы өткен еді. Кемінде 7 миллион ауған азаматы дауыс берген. Сайлаудың алдын ала қорытындысы 24 сәуір жариялануы тиіс.
13 сәуір күні жарияланған алғашқы мәліметтер бойынша елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдуллаға берілген дауыстардың көп екені мәлім болып, бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғанидің екінші тұрғаны хабарланған.
Бірақ билік өкілдері дауыстардың әлі саналып жатқанын айтып, нәтиженің өзгеріп кетуі мүмкін екенін мәлімдеген. Бұл сайлау Ауғанстандағы биліктің тұңғыш рет демократиялық жолмен алмасуы болып саналады.