АҚШ билігі таяу күндерде егер Мәскеу өткен аптада Женевада жасалған келісімнің орындалуына күш салмаса, Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді ойластыратынын мәлімдеді.
АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псакидің айтуынша, Вашингтон Ресей жағы Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерді басып алған үкімет ғимараттары мен өткізу бекеттерін тастап шығуға шақырады деп күтіп отыр.
Псакидің сөзіне қарағанда, қарулы белсенділер Украина билігі ұсынып отырған рақымшылықты қабылдап, талаптарын білдіру үшін саяси тетіктерді пайдалануы тиіс.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Мәскеуді Украинадағы дағдарысты реттеу туралы келісімді орындаудың "нақты қадамдарын" жасауға шақырды.
Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Вашингтон Киевке Украина билігінің келісімдегі өз міндеттемесін орындауына ықпал етуі тиіс" деп мәлімдеді.
Керри мен Лавров мұндай мәлімдемелер жасамас бұрын телефон арқылы сөйлескен.
17 сәуір күні Украина дағдарысын Женевада талқылаған Ресей, АҚШ, ЕО және Украина өкілдері жағдайды тыныштандыру жолдарын белгілеген еді. Құжатта «Заңсыз қарулы құрылымдардың барлығы қарусыздануы, заңсыз басып алынған ғимараттар мен нысандардың барлығы легитимді иелеріне қайтарылуы, Украина қалаларындағы заңсыз басып алынған барлық көшелер мен алаңдар босатылуы тиіс» екені айтылған. Ал Украина билігі ғимараттарды басып алған сепаратистерге рақымшылық жариялаған.