Қылмыстық кодекс жобасын Мәжіліс мақұлдады

Парламент мәжілісі. (Көрнекі сурет).

Бүгін Қазақстан парламенті мәжілісі қылмыстық кодекс жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бұған дейін кодекстің жаңа жобасында қылмыскерді бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеу механизмдері жетілдірілгенін айтқан. Бұған дейін бас бостандығынан айрылғандар жазасын өтейтін түзеу мекемелері жалпы режимдегі, қатаң режимдегі және ерекше режимдегі деп бөлініп келген. Енді жаңа заң бойынша, мұндай режимге бөлу жүйесі қоныстандыру колониялары мен түрмелерге де қолданылатын болады.

Қазақстандық кейбір құқық қорғаушылар бұдан бұрын қылмыстық кодекстің адам құқықтарына қатысты тұстарының қатайтылғанын айтқан еді. Құқық қорғаушы Айна Шорманбаева кодексте қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдардың қызметіне сын айту немесе бақылау жасауын азайту, "жалған ақпарат таратқаны" үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын айтқан.