Қырым татарлары меджлисіне прокурор ескертуі
Your browser doesn’t support HTML5
Қырым прокуроры Наталья Поклонская егер мүшелері «экстремистік әрекеттерге» қатысса Қырым татарлары меджлисі жойылуы мүмкін екенін айтып, меджлис төрағасы Рефат Чубаровқа ескерту жасады. Ол Чубаровты 3 мамыр күні Қырым татарларының жетекшісі Мустафа Джемилевті қолдаған «заңсыз шеру ұйымдастырды» деп айыптады. Сол күні Қырым билігі Джемилевті еліне кіргізбей қойған соң, оны қарсы алуға шыққан мыңдаған татарлар шекарадағы бақылау-өткізу бекетінде Ресей сарбаздарының тосқауыл шебін бұзып өткен еді.