Pussy Riot тобының мүшелері АҚШ депутаттарын Ресей шенеуніктеріне қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды. Музыканттар санкцияларды Болотный ісіне қатысты күшейтуді сұрайды.
6 мамыр күні топ мүшелері Капитолийде АҚШ депутаттарымен кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. АҚШ заң шығарушылары Pussy Riot тобының мүшелерінің "ерлігіне тәнті екендерін" айтты. Сенатор Бен Кардин (демократ-Мэриленд) Pussy Riot берген ақпараттардың Магнитский тізіміне жаңа шенеуніктерді қосуға "пайдасы тиетінін" атап өтті.
2012 жылы 6 мамыр күні Мәскеудегі Болотный алаңында оппозицияның Путинге қарсы акциясы шерушілер мен полиция арасында қақтығысқа ұласып, осы оқиғаға байланысты қозғалған, кейін «Болотный ісі» бойынша 30-дан астам адамға айып тағылған еді. Құқық қорғаушылар "демонстранттардың полициямен қақтығысын билік өзі арандатқан және оның саяси астары бар" деп санайды. 2014 жылы 24 ақпан күні "Болотный ісі" бойынша сегіз адам шартты жазадан бастап әртүрлі мерзімге сотталды.
Pussy Riot тобының мүшелері Мария Алехина, Надежда Толоконникова және Екатерина Самуцевич Мәскеудегі құтқарушы Ғайса ғибадатханасында президент Владимир Путинге қарсы ән айтқаны үшін 2012 жылы тамызда "бұзақылық жасады" деген айыппен сотталған еді. Кейін Самуцевичтің жазасы шартты жазаға ауыстырылды. Надежда Толоконникова мен Мария Алехина түрмеге екі жылдай отырып шықты.