Австрия әншісі Eurovision жеңімпазы атанды

Eurovision байқауының биылғы жеңімпазы, австриялық әнші Кончита Вурст. Копенгаген, 1 мамыр 2014 жыл.

Австриялық трансвестит әйел әнші Кончита Вурст 10 мамыр күні Дания астанасы Копенгаген қаласында ақтық сыны өткен Eurovision байқауының жеңімпазы атанды. Әнші халықаралық телеаудиторияда 45 елдің 180 миллион көрермені алдында "Rise Like a Phoenix" балладасын шырқады.

Байқау жеңімпазы атанғаннан кейін журналистер алдында сөйлеген әнші "әлемде гомосексуалдар адам құқықтары үшін күресінде шыңдала түседі" деген үмітте екенін мәлімдеді.

Байқауда екінші орынды Нидерландының The Common Linnets тобы, үшінші орынды швециялық әнші Санна Нильсен иеленді.

Финалға дейін жеткен ресейлік егіз жас әншілер Анастасия және Мария Толмачевалалар да, украиналық Мария Яремчук те жүлделі орынға іліге алмады.

Eurovision ережесі бойынша, келер жылғы байқау биыл жеңімпаз болған әншінің елі - Австрияда өтеді.