Үндістанда парламент сайлауы өтіп жатыр

Парламент сайлауына дауыс беруге кезекте тұрған әйелдер. Ассам штаты, Үндістан. 7 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Үндістанда парламент сайлауына дауыс берудің соңғы кезеңі өтіп жатыр.

Әлем тарихындағы алғашқы ең үлкен және ауқымды сайлауда 814 миллионға жуық сайлаушы дауыс беріп жатқаны хабарланған. Сайлау алты аптаға (7 сәуір - 12 мамыр) созылды.

Сайлауда Үндістан ұлттық конгресі партиясы мен оппозициялық "Бхаратия джаната" партиясы (Үндістан ұлттық партиясы) бәсекеге түсіп жатыр.

Бұған дейін жасалған қоғамдық сауалнама нәтижесі елді 10 жыл басқарған Үндістан ұлттық конгресі партиясына сайлаушылардың көңілі толмайтынын көрсеткен. Сарапшылар экономикалық өсімді арттыруға уәде берген "Бхаратия джаната" партиясы жеңіске жетуі мүмкін деп болжап отыр.

Сайлау қорытындысы 16 мамыр күні жарияланады.