Түркия кенішіндегі апат
Your browser doesn’t support HTML5
Түркиядағы Сома көмір кенішінде 13 мамыр күні болған жарылыс пен өрт салдарынан кемінде 201 адам қаза тапқаны хабарланды. Тағы 80 адам зардап шеккен. Елдің энергетика министрі Танер Йылдыз апат болған кезде шахтада 787 кенші жұмыс істеп жатқанын айтады. Алдын ала болжам бойынша, кеніштегі апатқа электр желілерінің ақауы себеп болған. Алдымен жарылыс болып, соңы өртке ұласқан. Апат салдарынан лифтілер істен шығып, жер астында ондаған адам қалып қойған.