Краматорск маңында қақтығыс болып жатыр

Your browser doesn’t support HTML5

ВИДЕО: Краматорск маңында 13 мамыр күні сепаратистер мен украиналық әскер арасында ұрыс болған жер.

Украина қорғаныс министрлігі 15 мамыр күні Краматорск қаласының түбінде украин әскері мен сепаратистер арасында қақтығыс болып жатқанын хабарлады. Министрліктің дерегінше, арнайы операция барысында украин әскерилерінің арасында зардап шеккендер бар, қаза тапқандар жоқ.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, шайқас Краматорскіден 30 километр жердегі Староварваровка ауылы маңында жүріп жатыр. Бұл маңға украин армиясының үлкен күші жиналып, тікұшақтар ұшып жүр.

Бұған дейін Славянскінің өзін-өзі жариялаған "халық мэрі" Вячеслав Пономарев 14 мамыр күні Славянск мен Краматорскіде көтерілісшілермен болған қақтығыстарда украин әскерлері де қаза тапқанын айтқан еді.