Түркияда апаттан соң үкіметке наразылық танытты

Your browser doesn’t support HTML5

ВИДЕО: Үкіметке наразылық шеруін полиция жас ағызатын газ бен су шашып таратты. Стамбул, Түркия, 14 мамыр 2014 жыл.

Анкара мен Стамбулда түрік полицейлері шахтадағы апатқа байланысты наразылық акцияларына жиналған мыңдаған адамды тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су шашты.

Стамбулдың орталығына жиналған топ "Үкімет отставкаға кетсін!" деп ұрандатты. Анкарада да үш-төрт мың адам қатысқан наразылық акциясында демонстранттар мен полиция қақтығысты.

13 мамыр күні елдің батысындағы Сома қаласында көмір шахтасында жарылыс болып, 230-дан астам кенші қаза тапқан еді. Апат болған кезде шахтада 780-нен астам кенші жұмыс істеп жатқан.

Наразылық шеруіне қатысқандар сол мезетте апат орнына барған Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанға деген ашу-ызаларын білдіріп, оны "кісі өлтіруші", "ұры" деп атап, отставкаға кетуін талап етті.

Шахта басшылығының хабарлауынша, шахтадан 450-ге тарта кенші құтқарылған.