Алматыда анти-ЛГБТ акциясы өткен

Алматыда түрлі жастар ұйымдарының ондаған белсендісі қаладағы гейлерге арналған клубтардың бірінің алдында наразылық акциясын өткізді деп хабарлайды 16 мамырда "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

15 мамырда өткен наразылықты ұйымдастырған "Антигей" ұйымының хабарлауынша, акцияда белсенділер "қоғам мен жыныстық азшылық өкілдеріне бір жынысты қарым-қатынас арқылы толыққанды отбасын құрудың мүмкін еместігін" түсіндірмек болған. Акция халықаралық отбасы күніне арналған.

Қазақстанда жыныстық азшылық (ЛГБТ) өкілдеріне қарсы жаза 1990 жылдары декриминализацияланған.