Ресей федералдық миграция қызметі Мәскеу түбіндегі Пушкино қаласында жүргізген рейдтен соң жүзден аса заңсыз мигрантты елден шығарған.
Миграциялық қызмет өкілінің хабарлауынша, Пушкин ауданында 500-ден аса шетелдік азаматтар тексеріліп, 146 адамның заң ережесін бұзғаны анықталған. Олардың 136-сы Ресейден шығарылған. Заңсыз миграция ұйымдастыру бабы бойынша тоғыз қылмыстық іс қозғалған.
13 мамыр күні Пушкино темір жол станциясына жақын жерде «Спартак» командасының жанкүйері, 22 жастағы жергілікті тұрғын Леонид Сафьянников соққы тиіп қайтыс болған. Оны ұрған деген күдікке ілінген 26 жастағы Өзбекстан азаматы Жахонгир Ахмедовті тұтқындау туралы сот сырттай шешім шығарған. Жұмаға қараған түні ол Ташкенттен ұшып келген бетте Домодедово әуежайында тұтқынға алынған.
Бейсенбі күні Пушкино билігі Лесная көшесіндегі базарды жапты. Сафьянников пен Ахмедов арасындағы оқиға сол базар маңында болған еді.