Пхеньян тұрғын үй апаты үшін кешірім сұрады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея билігі Пхеньянда 13 мамыр күні көпқабатты тұрғын үй құлағанда құрбан болғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, кешірім сұрады. Тұрғындардан кешірім сұрау – тоталитарлық жүйеде өмір сүріп жатқан бұл елде өте сирек құбылыс.

Елдегі ресми ақпарат құралдары таратқан ақпаратта қайғылы оқиғаға «қатты қайғырып» көңіл айтып, болған жайт үшін кешірім сұрайтыны жазылған. Биліктің мәлімдемесінде ғимараттың құлауынан «құрбан болғандар» туралы айтылғанымен, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны жайлы ешқандай дерек келтірмеген. Ресми ақпарат бойынша, апат орнындағы құтқару операциясы 17 мамыр күні аяқталған.

Бүгін Оңтүстік Кореяның бірігу мәселелері жөніндегі министрлігінің өкілі Солтүстік Кореяда 23 қабатты тұрғын үй құлап түскенін растап, апатта құрбан болғандар саны «жүздеген адамға жетуі мүмкін» деп хабарлады.