20 мамыр күні Бішкекте полиция Ресей бастаған Кеден Одағына Қырғызстанның қосылуына наразылық білдірген жеті белсендіні ұстап әкетті.
Наразылық парламент алдында, депутаттар Қырғызстанның Кеден Одағына кіруі туралы жол картасын талқылап жатқан мезгілде болды.
Бүгін Қырғызстан экономика министрі Темір Сариев Ресей, Қазақстан және Беларусь мүше Кеден Одағына қосылудан Қырғызстанға "зиянынан гөрі пайдасы көбірек тиеді" деп мәлімдеген.
Ал депутат Дастан Бекешов үкіметті Кеден Одағының пайдасы мен зиянын талқылауға арналған қоғамдық тыңдаулар өткізуге шақырды.
Қырғызстан үкіметі Кеден Одағына кіру туралы жол картасының жобасын биыл 13 мамырда мақұлдаған еді.
Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариев 12 мамыр күні үкіметтің жол картасын іске асыруды қаржыландыру және Кеден Одағы ережелеріне бейімделу жұмыстарын жүргізе беретінін айтқан..