Ресей мен Қытай газ туралы келісе алмады

Қытай президенті Си Цзиньпин (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Шанхай, 20 мамыр 2014 жыл.

Ресей мен Қытай құны 400 миллиард АҚШ долларына жететін табиғи газ экспорттау туралы келісімге келе алмады. Газ туралы келіссөздің жүріп жатқанына он жылдан асты.

Ресей президенті Владимир Путин Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездескен соң келісім-шарт жасау процесі соңғы сәтке таяғанын және келіссөздер жалғаса беретінін мәлімдеді.

Келісім-шарт мерзімі 30 жылды құрайды. Газ тасымалдау бағасына қатысты келіспеушіліктерге байланысты екі тараптың келісімге келе алмай жүргеніне көп жыл болды.

Ресейлік "Газпром" компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, Путиннің Қытайдан қайтар мерзіміне - мамырдың 21-іне дейін келісім-шартқа қол қойдыру мақсатында үздіксіз екіжақты келіссөздер жүріп жатыр.

Сарапшылардың болжауынша, газ құбырын тарту, алдын-ала төлем жасау сияқты мәселелер де келісім жасасу мерзімінің кейінге қалдырылуына себеп болуы мүмкін.