Украинада 23 мамыр - мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына үгіт-насихаттың соңғы күні.
25 мамырда өтетін сайлау бюллетенінде 21 үміткердің аты-жөні жазылған.
22 мамырда президенттіктен үміткерлердің бірі Василий Цушко сайлауға түсуден бас тартатынын мәлімдеген. Оның алдында Украинаның орталық сайлау комиссиясы үміткерлер Наталья Королевская мен Олег Царевті сайлаудан шығарып тастаған. Кейін үміткерлер Зоран Шкиряк, Петр Симоненко және Александр Клименко сайлаудан бас тартқан. Бірақ орталық сайлау комиссиясы үміткерлерді сайлаудан дауыс беру күнінен кемінде 23 күн бұрын шығарып тастауы қажет болғандықтан бұлардың барлығының аты-жөні бюллетеньде тұра береді.
Украин билігі үшін басты мәселе елдің шығысында сайлау өткізу болып тұр. Орталық сайлау комиссиясының Донецк облыстық бөлімі сайлау комиссияларындағы жағдай ушығып бара жатқанын айтады.
"Украинская правда" басылымының хабарлауынша, өздерін "Донецк халық республикасы" деп жариялаған билік өкілдері Донецк пен Макеевка қалаларындағы аймақтық сайлау комиссияларының көп бөлігін басып алып, сайлауалды материалдарын өртеген. Сайлау комиссияларының көптеген мүшелері мұндай жағдайда жұмыс істеуден бас тартқан.
Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, Донецк пен Луганск облыстарында қазір 34 аймақтық сайлау комиссиясының 18-інің жұмысы тоқтатылған.