Байқоңырда төтенше жағдайлар қызметінің ғарышкерлерді құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жаттығуы басталды деп хабарлайды ғарыш айлағындағы дереккөзіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
Жаттығуда ұшырылған зымыран тасығышта апатты жағдай туындап, капсула зымыран тасығыштан ажырап кеткен кезде ғарышкерлердің одан дереу шығуына жәрдемдесіп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету және ауруханаға алып бару жұмыстары пысықталады.
Байқоңырда апатты жағдай туындаған кезде жасалатын іс-қимылдарға қатысты жаттығулар жыл сайын өткізіледі. Бірақ ғарышкерлерді құтқаруға арналған жаттығу бірінші рет өткізіліп отыр.
Бұл жаттығуға Ресейдің "Роскосмос" агенттігі "Южный" ғарыштық орталығының түрлі қызметтері, медициналық құрылымдар, өрт сөндірушілер қатысып жатыр.