Донецкідегі ресейшілдер
Your browser doesn’t support HTML5
Облыс әкімдігін жақсы қаруланған сепаратистер қоршай күзетіп тұр. Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» басшылары сепаратистердің кейбірі ұрлықпен айналыса бастағанын айтады. Өзін өзі тағайындаған «премьер-министр» Денис Пушилин «Біз ғимараттан көтерілісшілерді шығарамыз. Кейбірі ұрлық жасай бастады. Ұрлықты нақ кім жасағанын анықтау қиын. Сондықтан, бұдан ары ғимарат билік кеңсесі ретінде пайдаланылады» деді. Кей бақылаушылар мұны «сепаратистер арасына іріткі түсті» деп болжайды. Ғимаратты қарулы топ басып алып, ондаған сепаратистерді орналастырған еді. Донецкідегі «Восток» батальоны - Киевке қарсы ұрыс жүргізіп жатқан қарулы құрылым.