Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
«1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл қойып жатқан тұрғындар. Астана, 31 мамыр 2014 жыл.
«1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне қойылған гүл шоқтары. Астана, 31 мамыр 2014 жыл.
Монумент жанында кездескен Астана тұрғындары.
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына құран оқылып, ас берілді. Еске алу шарасына жүз шақты адам қатысты. Тоғанас ауылдық округі, Дәдем ата-Жұмағазы Хазрет зираты, 31 мамыр 2014 жыл.
Батыс Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына берілген ас. Тоғанас ауылдық округі, Дәдем ата-Жұмағазы Хазрет зираты, 31 мамыр 2014 жыл.
Қуғын-cүргін құрбандары ескерткішіне келген адамдар. Алматы облысы, Жаңалық ауылы, 31 мамыр 2014 жыл.
Қуғын-cүргін құрбандары ескерткішіне келген оқушы. Алматы облысы, Жаңалық ауылы, 31 мамыр 2014 жыл.
Оппозициялық "Ашық алаң" газетінің редакторы Жанболат Мамай саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап гүл қойып жатыр. Алматы, 31 мамыр 2014 жыл.
1931-1933 жылдардағы ашаршылықтан опат болған адамдардың ұрпақтары құрбандар рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып тұр. Алматы, 31 мамыр 2014 жыл.
1931-1933 жылдардағы ашаршылықтан опат болған адамдардың ұрпақтары марқұмдардың рухына құран бағыштап отыр. Алматы, 31 мамыр 2014 жыл.
Ашаршылық құрбандарына қойылған гүл. Алматы, 31 мамыр 2014 жыл.
31 мамыр күні Алматы қаласында «Ел билігін халыққа қайтарайық» деген ұранмен «Азаматтық кеңес» құрылды. ЖСДП лидері Жармахан Тұяқбай, ҚПК жетекшісі Ғазиз Алдамжаров, «Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымының басшысы Бақыт Түменова, Қазақстанның адам құқықтары бюросы жетекшісі Евгений Жовтис, баспасөзді қорғайтын «Әділ сөз» ұйымы басшысы Тамара Калеева және мың қаралы адам қатысқан құрылтайда саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Суретте: президиум мүшелері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып тұр.