Джо Байден Петр Порошенконы ұлықтауға барады

АҚШ вице-президенті Джо Байден.

АҚШ-тың вице-президенті Джо Байден Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенокны ұлықтау рәсіміне баратыны хабарланды. Ақ үй таратқан мәлімдемеде Байденнің Киевке 7 маусым күні баратыны және оның украиналық басшылармен кездесетіні айтылған.

Джо Байден Украинаға соңғы рет сәуір айында Киевтің жаңа үкіметіне қолдау білдіру үшін барған еді. Ол Украинадағы дағдарысқа байланысты АҚШ-тың саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарып жүр.

Ресми ақпарат бойынша, 25 мамыр күні өткен Украина президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берген сайлаушылардың 54 пайызға жуығы Петр Порошенкоға қолдау білдірген.