Ресейдің жалған насихаты

"Туристер қаптаған Қырым жағажайы" туралы сюжетінде Ресей телеарнасы 2011 жылы түсірілген кадрларды пайдаланды.  

Украина тікұшағы деп жарияланған суреттегі техниканың фотосы шын мәнінде Кот д'Ивуарда түсірілген.

Бұл - Канадада 2013 жылы болған пойыз апатының суреті.  

"Украина Ұлттық гвардиясы өлтірді" деген ер адам шын мәнінде Ресейдің Кабардин-Балқар аймағында 2012 жылы қаза тапқан.

Мына бір ұшқышсыз аппарат Украинада емес, Қарабақта атып түсірілген.  

Қан-жоса болып жатқан әйелдің суреті Венесуэлада түсірілген.

"НТВ" телеарнасы "Ресей жақтастары Рим (Италия) қаласында Украинадағы оқиғаларды бұрмалап көрсететін Батыс ақпарат құралдарына наразылық шарасын өткізді" деп көрсеткен студенттер іс жүзінде өз елдеріндегі әлеуметтік төлемдердің қысқаруына қарсы акция өткізіп тұр.  

LifeNews тілшісі Twitter-ге "Донецк әуежайында жараланған" сегіз жасар баланың суретін жариялады. Бірақ бұл сурет 2013 жылы сәуір айында Сирияда түсірілген.

25 жыл бұрын Қытайда түсірілген суретті Украинадағы оқиға деп жариялады. 

"Россия Великая держава" парақшасында "Украинада басы кесілген" баланың суреті жарияланды. Шын мәнінде бұл сурет Сауд Арабиясында түсірілген.