Бүгін Алматыда өздерін АТФ банкінің борышкеріміз деген 20 шақты адам баспана мәселесін шешуді сұрап қала әкімі Ахметжан Есімовке петиция тапсырды.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, наразылар әкімнен АТФ банкінің борышкер Татьяна Аленкинадан тартып алған үйін қайтарып беруіне көмектесуді сұраған. Борышкерлер АТФ банкі басшыларының бірі Есімовтің туысы екенін айтады.
Наразы топ жазған арыздарын қала әкімінің өз қолына тапсырмақ болған. Бірақ оларды әкімдік ғимаратына кіргізбеді. Олардан хаты қалалық ішкі саясат басқармасының өкілі қабылдап алды.
АТФ банкі несиесін қайтара алмағаны үшін алматылық борышкер, зейнеткер Татьяна Аленкинаның үйін өткен жылдың соңында алып қойған еді. Бұдан соң борышкерлер оның үйін қайтаруды талап етіп, банк алдында наразылық өткізген. Оның мәселесін қараған банк басшылығы таяуда борышкердің үйін қайтарып беруден бас тартқан.