Обама: АҚШ Иракқа әскер жібермейді

АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 13 маусым 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама "Әл-Қаида" содырларына қарсы күресуі үшін Иракқа әскер жібермейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ Иракқа көмектің әртүрлі жолын қарастырып жатыр.

Обама Вашингтонның бар әрекетін Ирак басшылары мен көршілес елдер үкіметтерінің қолдауы керек екенін де ескертті. Ол "Ирак пен Левант ислам мемлекеті" тобының содырлары Ирак халқына, соған қоса АҚШ мүддесіне де қауіп төндіретінін айтты.

Ол Ирак үкіметі сүнниттер мен шииттер арасындағы келіспеушілікті жою әрекетін жасау керегін, АҚШ көмегі үкіметке қарсы күштерді басуға сеп болмайтынын мәлімдеді.