Болгарияның солтүстік-шығысында нөсер жауынның соңы тасқынға ұласып, салдарынан кемінде 12 адам қаза болған.
Қара теңіз жағалауындағы Варна қаласында табиғи апаттан 10 адам құрбан болған. Тағы екі адамның жансыз денесі Добричеден табылған. Хабар-ошарсыз кеткендер туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.
Табиғи апаттан қатты зардап шеккен Варна қаласында көптеген үйлерді су басып, кейбір ғимараттар түгелдей бүлінген. Биліктің хабарлауынша, кемінде тағы үш қала апатты жағдайда қалып отыр. Тұрғындардың көпшілігі елдімекендердегі су ағатын арық-арналар бітелмесе, заңсыз құрылыстар қалай болса солай салынбаса табиғи апаттың салдары мұншалықты ауыр болмас еді деп санайды.
Тасқын кезіндегі адам қазасына байланысты 23 маусым Болгарияда азалы күн деп жарияланды.