Сәуір айында ғарышқа ұшырылған Қазақстанның "ҚазСат-3" спутнигі 2014 жылдың қыркүйек айында түпкілікті түрде іске қосылады деп хабарлады бүгін "Қазғарыш" агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев.
"28 сәуір күні ұшырылған спутник 28 мамыр күні жоспарланған орбитаға шықты. Қыркүйекте жазғы және есептік сынақ аяқталған соң спутник түпкілікті түрде жұмыс істей бастайды" деді парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында Мұсабаев.
Ол бұған қоса "ҚазСат-2" спутнигінің қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын және оның Қазақстандағы 12 байланыс операторы тұтынатын қызметтің 66 пайызын қамтамасыз ететінін де айтты.
Қазақстан 2006 жылы "ҚазСат-1", 2011 жылы "ҚазСат-2" спутнигін ұшырған. Қызмет ету мерзімі он жылға жарамды делінген "ҚазСат-1" екі жылдан кейін істен шығып қалған еді.