Қазақстан Журналистер одағы (ҚЖО) ұйымы "Журналистік зерттеулер" номинациясы бойынша биылғы сыйлық WikiLeaks сайтын құрушы, Австралия азаматы Джулиан Ассанджға берілетінін жариялады.
ҚЖО 2014 жылғы бұқаралық ақпара құралдарының республикалық шығармашылық конкурсын қорытындылай келе, республикалық және аймақтық бірқатар газеттер мен телеарналар тілшілерін, журналистерді бірнеше номинация бойынша марапаттаған.
Журналистер одағы бұған қоса баспасөзді қолдау және журналистермен өзара түсіністік танытқаны үшін билік, білім саласы, бизнес өкілдері, үкіметтік емес және діни ұйымдар өкілдерін де марапаттаған.
Екі жылдан астам уақыттан бері Лондондағы Эквадор елшілігін паналап отырған Ассанждың үстінен «жыныстық негізде қылмыс жасаған» деген айыппен іс қозғаған Швеция билігі оны экстрадициялауды талап етіп келеді.
Ассанж өзін «АҚШ-қа ұстап беру үшін саяси астармен қуғындап отыр» деп Швеция билігін айыптайды. Ол АҚШ соты «құпия деректерді жариялағаны үшін» өзіне өлім жазасын кесуі мүмкін екенін айтады.
Ассанж құрған WikiLeaks вебсайты 2010-2012 жылдары АҚШ дипломаттарының мыңдаған құпия құжаттарын жариялап жіберген еді. Оның АҚШ үкіметі мен басқа да елдерге қатысты жабық ақпаратты жалпыға әшкере қылу әрекетін Вашингтон қатаң түрде айыптаған болатын.