НАТО елдерінің сыртқы істер министрлері Украинаның қорғаныс әлеуетін күшейту үшін қор құруға ниетті екендерін мәлімдеді. Министрлер Брюссельде 24-25 маусым күндері кездесіп жатыр.
НАТО-ның штаб-пәтеріндегі ақпарат көзінің Азаттыққа хабарлауынша, бұл қор Украинаның қорғаныс саласындағы логистика, командалық және жалпы басқару және кибернетикалық қорғану жобаларына жәрдем бермек. Қару-жарақ пен атқыш кешендерді беру мәселесі қарастырылмаған.
Әзірше қордың нақты қашан құрылатыны, оған қанша қаржы салынатыны хабарланған жоқ.