Қырымда түрмеде жазасын өтеп жатқан тұтқындарға Ресей төлқұжаты беріліп, үкімдері өзгертіле бастады. "Голос Украина" басылымының жазуынша, ресейлік алғашқы құжатты Симферопольдегі түзеу мекемелерінің бірінің тұтқындары алған.
Бұған қоса тұтқындарға Украина қылмыстық кодексі бойынша шығарылған үкімдерін Ресей қылмыстық кодексінің баптарымен өзгертіп, жаңа үкім шығарылып жатыр. Басылым "кей жағдайларда тұтқындарға шығарылған үкім қатаңдатылып жатыр, себебі Ресей заңдары анағұрлым қатаңдау" деп жазады.
"Голос Украина" Қырымдағы тергеу абақтылары мен колонияларында азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізуде іркілістер туындап жатқанын айтады.
Ресей Қырымды наурыз айында, аймақта "өзін-өзі басқару туралы референдум" өткізілген соң аннексиялап алған.