Байқоңырдан Ресейдің ғарыш кемесі ұшырылды

Байқоңырдан ұшырылған "Союз" ғарыш кемелерінің бірі. 26 наурыз 2014 жыл.

8 шілде күні Астана уақытымен сағат 21:58-де Байқоңырдан "Метеор-М" №2 және тағы алты ғарыштық аппарат тиеген "Союз-2.1б" ғарыш кемесі ұшырылды.

"Роскосмос" агенттігінің хабарлауынша, "Метеор-М" №2 аппараты қазір орбитаға шығарылған. Аппарат Жердің беті, мұз және қар қабаттарының кескінін, теңіз бетінің температурасы, атмосферадағы озонның таралуы мен оның құрамы және басқа да климаттық мәліметтерді алу үшін ұшырылған.