БҰҰ-ның атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Ирактағы содырлар басып алған ядролық материалдар "аса үлкен қауіп тудырмайтынын" мәлімдеді.
Ирактың БҰҰ-дағы елшісі Мохамад Әли Әлхаким 8 шілдеде ұйымға хат жазып, елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында "террористік топтар" университетте ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын ядролық материалдарды иеленіп алған хабарлаған еді.
МАГАТЭ 10 шілдеде Reuters агенттігіне берген жауабында "алдын-ала ақпараттар бойынша, қолды болған материалдар төменгі сұрыпты және одан ешқандай айтарлықтай қауіп жоқ" деген.
"Ирак және шам ислам мемлекеті" ұйымының содырлары өткен айда Ирактың солтүстігі мен батысын басып алған. Маусымның соңында ұйым бұған дейін бақылауында болған Сирияның Алеппо провинциясы мен Иракты "ислам халифатын" жариялаған.